Село Сайрам одно из древнейших поселений на территории Южного Казахстана. Расположено на реке Сайрам-Су в 10 км восточнее г. Шымкента. В әпоху раннего средневековья (IX-XII века) на месте Сайрама находился город Испиджаб – центр одноименного округа, входившего в состав Мавераннахра. В его округ входил так же Чимкент. Первое упоминание о Испиджабе появляется в географическом труде китайского автора Сюань-Цзяня в 629 году. С XIII века город известен под названием Сайрам. Название Сайрам впервые встречается в описании путешествия китайского отшельника Чань-Чуня в ставку Чингиз-Хана в 1221 году. Сайрам – «Город на Белой реке». В русских исторических документах упоминание о Сайраме появляется в конце XVII века. Развитие и формирование Сайрама было обусловлено, не только выгодным әкономико-географическим, но и политическим положением. На караванном пути из Шаша (Ташкента) в Чимкент, а так же форпостом распространения ислама в прилегающих степных районах.
   Исторический центр Сайрама в современной планировочной структуре которго сохранились контуры древнего шахристана и крестообразная планировочная схема улиц, является памятником градостроительной культуры Средней Азии IX-XIX веков.
Сайрам тарихы
Исфиджаб тарихы
Главная               ЮКО             Сайрам             Школа Атои
Главная             ЮКО             Сайрам           Школа Атои
  Сайрам туралы алғашқы деректер біздің жыл санауымызға дейінгі ІV ғасырда парсылардың шежіре кітабы "Авестада" кездеседі. Аталмыш бастау хатта қаланың орналасу ендігі Сайрам елі деп көрсетілген екен. Соған қарағанда бұл атау қаланың ықпал ету аймағын білдірсе керек. Көне тұрік тілінде "Сайрам" Тастақ сай деген ұғым береді. Ал Исфиджаб "Екі дария аралығы" деген   сөздің баламасы екен. Қаланың одан басқа да Орынкент, Аққала деген атта-ры болған. Бірақ, тарихи жазбаларда да, кейінгі замандары да бұл атаулар сирек қолданылады. Діни аңыздарда бұдан баска да деректер бар. "Қазығұрттың басында кеме қалған" дейді. Ол Нұх пайғамбардың кемесі. Барлық жан-жануарлар кемеге кейінгі ұрпақ тарату ұшін жұп-жұп болып тиелген еді. Кеме тау басына тоқтап, дұниені басқан топан су қайта бастады. Сол кезде бірінші болып Сайрам өңірі топан судан ашылып, кемеде тірі қалған жан-жануарлар осы жерге қоныс теуіп, аңыздың айтуынша, адамзаттың екінші өмірін бастаған.   Діни аңызда тағы бір айтылатыны, Сай-рамнан 7 шақырым жерде Нұх пайғамбардың ұш ұлының бірінің қырык, метрлік қабірі бар екен. Оған қоса Мәриям ананың қабірі де бар. Біреулер онда Иса пайғамбардың ана-сының сұйегі жатыр деседі. Шамасы, ол ерте замандары христиандар салып, құлшылық қылатын жай болса керек. Сайрамдағы Қожа Салық пен Бибі Ғияз қабірлерін жұрт Қыдыр атаның ата-анасының мұрдесі деп қасиет тұтады. Айтпақшы, Отырарға баратын жер асты жолы осы арадан бастадатынға ұқсайды.
  Исфиджаб әуелгіде өзге қоныстардан ерекшеленіп, ор-талық ретінде қалыптасқан еді. Оның бірте-бірте дамып, өсіп-жетілуіне, ал арада мың жыл өткенде, яғни VIII ғасырға қарай айрықша өркендеп, гұлденіп кетуіне көпте-ген факторлардың әсері тиді.
  Жібек жолының ұстінде тұрған қаланың дамуына сауда мен кәсіпкерліктің ықпалы зор болды. Онда ірі бай, іскер адамдар тұрды. Қалада әкімшілік басқа ру жұйесінің құрылуы қаржыларды қорландыруға, қазынаны мақсатты бағыттарға жұмсауға, әкономиканы жұйелі дамытуға, оған бай адамдарды тартуға мұмкіндік берді. Жергілікті сақ тайпаларының саяси кеңістігі, рыногы, тауар алмасу шарттары, кәсіптері, мәдениеті, дұниетаны-мы, тілі, діні, әдет-ғұрыптары ортақ болған. Олар бір-бірімен тығыз байланыста кұн кешкен, ұздіксіз алыс-беріс жасап тұрған, ішкі-сыртқы мәселелерді ортақтасып шешкен. Кейінгі кездері табылған деректерді негізге ала отырып, қазіргі тарихшылар Сайрам жерін осы ұланғайыр кеңістікті мекендеген тайпалардың еркін араласу аймағы, яғни әко-номикалық орталығы болды деген болжамдар айтуда.
  Бұдан 2600 -2700 жылдар бұрын бұл төңіректі мекендеген тайпа-лар, негізінен отқа, кұнге табынған. Олардың ішінде әртұрлі тайпалардың өкілдері жылына бір мәрте Мәртөбеге жина-лып, діни рәсімдер өткізген. Қытайдың тұркі халықтары-ның тарихына арналған "Вәйшу" кітабында оларды қалай өткізгендігі тиянақты жазылған. Құрбан шалу рәсімдері өте салтанатты өтетін болған. Оған қоса Қытай саяхатшысы Тауға табыну рәсімінің болғандығын баяндайды.   Бұл_рәсім мамыр айының екінші онкұндігінде өтеді екен. Соған қара-' ғанда Мәртөбенің қасиетті орын аталуы ерте замандарда болса керек. "Мамырда Мәртөбеге кел" деген сөздің төркіні ерте дәуірде жатыр. Кейіннен отқа, Тауға, Кекке табыну дәуірі ықпалын жойып, Ислам діні ресми тұрде енгеннен кейін де Мәртөбенің қасиетті саналып келгенін көреміз. Ол арада" мал жаюға, жол салуға немесе мал айдауға тыйым   салын-ған. Бертін келе Мәртөбе Оңтұстік тайпаларының уәждесу орны болды. Яғни, тайпалар мен рулар Мәртөбеде бас қосып,   өзара соттасып, дау-жанжалдарды шешкен
   Х ғасырда Исфиджаб шоғыр-шоғыр кенттермен, ұлкенді-кішілі қыстақтармен қоршалған ірі шаћарға айналды. Сол замандары, яғни, X ғасырда әл-Истархи былай деп куәлік етіп кетті: "Оның құрылыстары саздан тұрғызылған, базарлары жеміске толы, онда жемістер мен пайдалы заттар көп. Айналасында көпте-ген қалалар мен қыстаулар бар". Бізге жеткен деректерде Исфиджабтың төңірегіндегі кенттердің ішінде Манкенттің, Жумишлагуттың, Газгрит пен Харлугтың аттары аталған. ХV-ХVІ ғасырларда өмір сұрген тарихшы, "Михманнаме-ий Бұқара" туындысының авторы Нузбихан Исфағани: "Қаланың негізгі бөлігін өте биік қабырға (сұр) қоршап тұр. Қабырғаның биіктігі соншама, тіпті оған әрекет қылған адамның қолы да жете алмас еді" деп жазды. X ғасырдағы жазба деректерде қаланы қақ жарып өтетін даңғыл жолдардың бірін-бірі қиып өтетіндігі айтылған. Яғни, қосу белгісі тәрізді схемаға негізделген. Мысалы, қазіргі Әмір-Темір даңғылы мен оны кесіп өтетін Жұсіп Сайрами көшесі сол баяғы ескі жобаны сақтап қалған. Осылайша, қаланың басты-басты төрт есігі төрт жаққа бірдей ашық болған. Јр қақпаның өз атауы болған. Солтұстік қақпа Белқақпа, немесе Белдарбаза, оңтұстік қақпа Базар дарбаза, шығыс қақпа Қарамұрт-дарбаза, ал батыс қақпа Шымкент-дарбаза деп аталған. Ол кездері қазіргі Шымкент қаласының орнында Отырар мен Тұркістанға қатынайтын ұлкен жол өткен. Осы жол мен Қошқарата өзенінің бойында топталып-топталып шағын қыстақтар мен бекеттер тұрған.
  Шежірелерде айтылғандай, Исфиджаб қаласының құрылысына ең көп қолданылған материалдар қам қыш лен-жұмбаз болған. Ірге тас ұшін кұйдірілген кірпіш пен өңдел-меген тас пайдаланылған. ІХ-Х ғасырларда Исфиджаб пен Отырардың көзешілері (қышшылары) жалатпа керамика жасауды игерді деген дерек бар. Қолөнердің бұл тұрі құрылысқа да игі ықпал етті, жапсырма материалдарды кең қолдануға септігін тигізді.
   Исфиджаб өркениетінің негізгі мәні - оның қала, немесе осы Сайрам өңірі шеңберінде тұйықталып қалмағандығында. Ол қатынастың кез-келген тұрімен жергілікті тайпаларға таралды. Тарихи ескерткіштерден өркениеттің таралуының, әсіресе, Тұркістан мен Созақ бағыттарында айрықша жемісті болғандығьш байқаймыз. Оған себеп бұл жақтарда халықтың көптігі, әрі қалалардың саяси ықпалының кұштілігі. Арыстанбабтың ұзақ жыл Сайрамда ұстаздық етіп, Отырарға келуі, Қожа Ахмет Иассауидің Тұркістанға орын тебуі, Ысқақ баптың Созақта қалуы миссионерлік-ағарту қозғалысының соншалық тегеурінді болғанын аңғартады. Олардың жұздеген мұриттері болды. Олар өз идеяларына шын берілген, ержұрек, адал адамдар еді. Өйткені елге дін мен мәдениет сәулесінің ізгілікті нұрын шашты.
   Дұниені ұнемі қайта бөліске салып отыратын қисап-сыз соғыстар мен кұшпен басьга алуға, зорлық-зомбылыққа негізделген қанқұйлы идеялар, жабайылық пен зұлым кұштердің бұліншілік әрекеттері, ұдайы алмасып жататын әміршілердің арасындағы дау-таластары мен тобырлар бұқарасын қырып-жою, тартып алуға ұндеген идеологиялар біздің ата-бабамыздың еншісіне бұйырған Исфиджаб әркениетіне ауыр соққы больга тиді. Шыңғыстың жер қай-ыстырған әскері Сайрам өңірін дауыл соққандай жапырып өтті. Сол трагедияның куәсі болған "Муджам- ал-булдан" атты географиялық сөздіктің авторы Яқұт Ханауи әр-Руми былай деп жазды: "Исфиджаб, Тараз, Сауран, Усбаникент және Фараб жазмыштың тәлкегіне тап болды... сонан соң 616 жылы аспан мен жер жаралғаннан ешбір болмаған апатқа ұшырады. Олар осы қалада қалғандарды қырып-жойды. Тамаша баулар мен әсем қалаларда қираған қабырғалардан басқа және құрып кеткен халықтың сұрлеу-сорабынан басқа ештеңе қалған жоқ".
   Тағы бір ұққанымыз, шынайы тарихтың салтанат құруына да кім болса сол емес, өз елім десе өзегі өртеніп туратын азаматтар: басшылар мен ғалымдар, ағартушылар мен жанашырлар керек екен. Соңғы жылдары Сайрам тарихына деген көзқарас кұрт өзгерді. Ескі тарих қайта қаралып, қайта жазылуда. Ғалымдар тарапынан Орталық Азияның ескі тарихына, жоғарыда біз сөз еткен Исфиджабтың гұлдену дәуіріне деген қызығушылық оянды. Өйткені, оның ғылымға белгісіз қупия сырлары көп. Ата-бабаларымыздың улылығын ашатын құпиялар осы Исфиджабтың тарихында жатыр.
Сайрам тарихы туралы мәліметтер

Найти: на:
Hosted by uCoz